Астана, Тұран көшесі 34
Күн сайын 850000 жолаушы тасымалы
Школьные перевозки "Мektep Bus"
Отыратын орындар көбірек
21 елді мекенге қала маңындағы бағдарлар
ASTRA PLAT
ASTRA PLAT

ASTRA PLAT

Астанада кезеңдік ASTRA Plat электронды төлем жүргізу жүйесі енгізілуде.

"Astra Plat" электронды төлем жүргізуді қолданысқа енгізу көліктік комплексті жаңашалдырудың ажырағысыз бөлігі. Оның негізгі мақсаты жолаушыларға жоғары дәрежеде қызмет көрсету болып табылады. Әлемдік тәжірибе бойынша мұндай жүйелер кезеңдік жолмен 2-3 жылда жүзеге асады.

ASTRA Plat жүйесінің енгізілуінің тиімділігі:

• Төлем жүргізудің қолма-қол ақшасыз есептесу түрі, түрлі бонустар мен 60 минут ішінде басқа жедел автобустарға ауысып отыруға мүмкіндіктер береді. Ал қолма-қол ақша төленген жағдайда бір ғана жол жүруге арналған қағаз түріндегі билет беріледі;

•Көліктік карталардың жасанды түрден және бұзылудан қорғанышы мықты;

•Астанада кезеңдік ASTRA Plat электронды төлем жүргізу жүйесі енгізілуде;

•Қалыпты қағаз билеттерден, зейнеткерлік куәліктен бас тартып, жаңа жүйе бойынша арнайы жеңілдіктері бар карталарға өтіп, орам билеттерді QR коды бар көліктік карталарға ауыстыру.

•Жергілікті полиция мен көліктік бақылау қызметкерлерінің рейді;

•Қала маңындағы автобустарда көліктік тарифтер жүйесінің азаюы;

•Арнайы жеңілдік алуы тиіс жандарға қала маңындағы және жедел автобустарда төлем жүргізбеу;

•Жолаушылар легінің шапшаң өзгерісі, автобустардың аралық уақыттарын сақтау, қоғамдық көліктердің жылдамдығын арыттыру.

•Тегін жол жүруші тұлғалар әсерінен бұл жүйе тасымалдаушыларды шығынға соқтырмайтындығын тура есептей алады.

•Тасымалдаушылар есептеудің жаңа әдісін қолдануға мүмкіндік береді, сонымен қатар, әкімшілік жаза бойынша ақы төлеуден бұлтарған жағдайда әкімшілік кодекске өзгерістер енгізілді. Электрондық төлем жүйесін енгізу жолаушыларды және олардың жүгін тасымалдау ережелерін өзгертті.

•орталықтандырылған жолаушыларды тасымалдау басқару жүйесін енгізу

•жолаушылар тасымалдау саласындағы қаржы айналымының ашықтығын қамтамасыз ету

I кезең

2016 жылдың 30-маусымында Алғашқы орында ASTRA Plat қала маңындағы елді-мекендерге арналған 4 тарифтік жоспар енгізіген, әрқайсысының аумағы 15 км.ды құрайды. Бүгінгі таңда 24 елді-мекенге 14 маршрут қызмет етеді.Қала маңындағы аймақтарға бөліну 84 тен 5- дейін тарифтік жоспарды азайтты. Жол ақысы жолаушының қандай тарифтік жоспар бойынша жүргендігіне тікелей байланысты.Жолаушылардың өзің әрі жүгінің ақысын Астана қаласы әкімдігі 2015 жылдың 6-қазанында бекіткен № 108-1759 "жолаушылар мен жүкті тұрақты тасымалдау тарифтері" туралы қаулысына сейкес бекітілеген.Электронды төлем жүйесін жүргізудің бірінші кезеңі бойынша қала маңындағы аудандарға қолма-қол ақы беру, жол төлем құнын өзгертеді (көліктік картаны қолданбаған жағдайда)

II кезең

Ол Express бағыттары бойынша көлік карточкаларын пайдалану арқылы төлем жүргізу мүмкіндігі қарастырылған.Астра Plat электрондық жүйесінің II кезеңі экспресс автобустарда жұмыс істейтін болады. Көліктік карталарды сату және төлем толықтыру желісі қызмет ете бастады.

III кезең

Қалалық маршруттарда көліктік карталармен төлем жүргізуге мүмкіндік береді. Қызмет көрсету сапасын арыттыру мақсатында сату және төлем толықтыру желісін көбейтіп, 8 тасмалдаушының жұмысы тираждалады. Жолаушылар қала маңындағы және Express маршурттар арасында басқа автобусқа ауысып отыру тегін мүмкіндігіне ие болады.

IV кеңес

Қала маңындағы маршруттарда көліктік карталармен төлем жүргізуге мүмкіндік береді. Маршурттардың жүру сызбасында өзгерістер болуы ықтимал. Жолаушылар көліктік карталарды қолдануына байланысты бонустар қолдана алады.

Қоғамдық көліктердің бағасы:

•қалалық бағытқа – 90 теңге;

•экспресс бағытқа – 150 теңге;

•қала маңындағы бағытқа көліктік аймақпен тікелей байланысты,(1 аймақ – 100 теңге, 2 аймақ – 200 теңге, 3 аймақ – 300 теңге, 4 аймақ – 400 теңге).

Қолма-қол ақшасыз төлем жүргізуге арналған көліктік карталардың келесі түрлері бар:

•Санаулы жол жүруге арналған көліктік карталар;

•Толықтырмалы көліктік карталар;

•Жеңілдіктері бар көліктік карталар;

•Мектептік көліктік карталар