Астана, Тұран көшесі 34
Күн сайын 850000 жолаушы тасымалы
SPORT SHUTTLE BUS спорттық іс-шараларға қызмет көрсету
Отыратын орындар көбірек
21 елді мекенге қала маңындағы бағдарлар
ASTRA PLAT
ASTRA PLAT

Достар!

Ертең, яғни 27 ақпанда өтетін «Елорда көлік кешенінің дамуы: кеше, бүгін, ертең» көрме-конференциясына шақырамыз!

Онда қоғамдық көлікті пайдаланушылар, оның ішінде мектеп оқушылары мен жеңілдігі бар азаматтар үшін жаңа тарифтік жоспарлар жөнінде ақпарат беріледі.

Көрме-конференцияда 2020 жылға арналған басқа да жоспарлар туралы айтамыз.

Сонымен қатар, серіктестеріміз ұсынған сыйлықтардың ұтыстары өткізіледі!

Спикерлер:

Бекмырза Игенбердинов – «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы;

Асхат Садуов – Урбанистика орталығының жетекшісі;

Оксана Лоскутова – «Астана LRT» ЖШС Қоғаммен байланыс қызметінің жетекшісі.

Сондай-ақ «Астана LRT» ЖШС серіктестері.

Іс-шара сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін жалғасады.

(сағат 9:00-ден қатысушыларды тіркеу жүргізіледі және Welcome drink)

Өткізілетін орны: Ә. Мәмбетов көшесі, 1

«М. Өтемісов атындағы оқушылар сарайы».

26.02.2020 12:57:00