+7 7172 577-177 +7 7172 571-777 Астана, Тұран көшесі 34
Күн сайын 850000 жолаушы тасымалы
Отыратын орындар көбірек
21 елді мекенге қала маңындағы бағдарлар
ASTRA PLAT
ASTRA PLAT

Қажет қоғамдық көлікті қалай және аялдамаға қаншада келетінін білгіңіз келе ме? Жауап қарапайым, ASTRA Bus қосымшасын жүктеңіз.

iOS пен Android мобильді қосымшасы астаналық қоғамдық көліктердің қолайлылығы үшін дайындалған

ASTRA Bus сізге қажетті автобустың қай маңда жүргенін, сәт сайынғы бағдарын біліп отыруыңызға мүмкіндік береді. Қосымшаның құрылымы қарапайым, тіпті бұрын қолданып көрмеген адамға да түсінікті.
Қоғамдық көліктердің барлық түрін: (қалалық, қала маңындағы және жедел автобустар) осы қосымша арқылы көре аласыздар.


Қосымшадан "Маршруты" деген бөлімге кірсеңіз, бүгінгі таңдағы бар автобустар тізімі шығады. Қалаған көлік номерін таңдасаңыз, оның қай маңда жүргендігі туралы ақпарат біле аласыз.

«Маршруты» деген сіздің сұрансыңыздағы бөлімді «Таңдаулы» деген қосымшаңызға енгізіп қойыңыз.
«История» деген бөлімде бұрын сіз іздеген бағаттар сақталып отырады.

Қосымшаның ең қолайлы тұсы - «Проложить маршрут» бөлімі. А нүктесімен В нүктесін көрсетсеңіз, қосымша сізге сол бағыт бойынша қанша автобус барын анықтап көрсетеді.

Astra Bus қосымшасының негізінде барлық қоғамдық көліктердің бағыт-бағдарын және өзгерістер туралы ақпаратты біле аласыз.


Қосымшада кері байланыс бөлім де қызмет етеді. «Шағымдану» бөліміне өзіңізге ұнамаған қоғамдық көліктер сапасы туралы осында жаза аласыз. Ауызша кеңес алғыңыз келсе байланыс орталығына телефон шалыңыз: 574-777.
Astana LRT ресми сайтында қосымшаға сілтеме көрсетілген: www.alrt.kz




25.10.2016 09:00:00