Астана, Тұран көшесі 34
Күн сайын 850000 жолаушы тасымалы
SPORT SHUTTLE BUS спорттық іс-шараларға қызмет көрсету
Отыратын орындар көбірек
21 елді мекенге қала маңындағы бағдарлар
ASTRA PLAT
ASTRA PLAT

Жедел қоғамдық көліктерге арналған ASTRA PLAT ұсынған тарифтік жоспары

ASTRA PLAT электронды жүйесінің екінші кезеңі жедел автобустарда көліктік картамен төлем жүргізуге мүмкіндік береді

STRA PLAT электронды төлем жүргізудің басты мақсаты қоғамдық көліктердегі қызмет көрсетудің деңгейін көтеру. Көліктік карталар электронды жүйенің екінші кезеңінен бастап жедел автобустарға енгізіледі. Қоғамдық көліктердің ең тиімді тұсы тарифтік жоспарлар бонус есебінде тегін жол жүруге мүмкіндік береді.

Көліктік карталар құны - 400 теңге. ASTRA PLAT жүйесі жедел қоғамдық көліктерде тарифтік жоспар ұсынады. Картадағы бірліктер жол жүру саны сондай-ақ, жүру билеттерімен өлшенеді. Оны картаңызға жүктеуге мүмкіндігіңіз бар:
10 жол жүру + 1 сапар тегін – 1500 тг (ересектерге), 700 тг (балаларға);
20 жол жүру + 2 сапар тегін – 3000 тг (ересектерге), 1400 тг (балаларға);
30 жол жүру + 3 сапар тегін – 4500 тг (ересектерге), 2100 тг (балаларға);
40 жол жүру + 4 сапар тегін – 6000 тг (ересектерге), 2800 тг (балаларға);
50 жол жүру + 5 сапар тегін – 7500 тг (ересектерге), 3500 тг (балаларға) ;

Көліктік карталардың жарамдылығы 5 жыл. Кепілдік уақыты 2 жыл. Енгізген тарифтік жоспарыңыздың жарамдылығы 3 ай. Белгіленген уақыт аяқталғаннан кейін қолданылмаған жол жүру жеңілдігі жойылады.
Карталарыңызды толықтыру немесе сатып алу үшін арнайы автоматтандырылған терминалдар, сондай-ақ веб порталдар қызмет атқарады.
ASTRA PLAT жүйесінің екінші кезеңінде көліктік карта иелеріне 60 минут ішінде жедел қоғамдық көліктерден екіншісіне ауысып отырсаңыз да, тегін жол жүру мүмкіндігі беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, көліктік карталар жасанды түрдегі немесе бұзылудан сақталатын қорғаныш деңгейі зор. ASTRA PLAT жүйесі жолаушыларға қолма-қол ақшамен бұрынғы баға бойынша төлем жүргізуге мүмкіндік береді.
Бір жол жүру құны қолма қол ақшамен ересек адамдар үші 150 тг, балаларға 70 тг. Егер қол жүгіңіз рұқсат етілген көлемнен үлкен болса, 150 теңге төлеуіңізге тура келеді.


19.10.2016 03:00:00