+7 7172 577-177 +7 7172 571-777 Астана, Тұран көшесі 34
Күн сайын 850000 жолаушы тасымалы
Отыратын орындар көбірек
21 елді мекенге қала маңындағы бағдарлар
ASTRA PLAT
ASTRA PLAT

Қоғамдық көлікпен қатынаушы жолаушыларға тегін кеңес

Байланыс орталығының қызмметкерлері қоғамдық көліктегі қызмет көрсету сапасына қатысты барлық сұрақтарыңызға 574-777 телефон номері бойынша жауап береді


Астанада күніне 850 мың адам қоғамдық көлікпен қатынайды. Күн сайын қала тұрғындары мен қонақтары тарапынан қоғамдық көліктің жол жүру сызбасына қатысты сұрақтар туындайды. Қойылатын сұрақтар түрлі тақырыпты қамтиды: қоғамдық көліктің жол жүру бағытының өзгеруі, ASTRA Plat электронды жүйесінің жұмысына қатысты, жаңа қоғамдық көліктердің қатарға қосылуы жəне т.б. Барлық сұраққа 574-777 номеріне хабарласу арқылы жауап ала аласыз.

Байланыс орталығының жұмыс уақыты: 08.00-20.00 аралығында. Қоңырау шалу тегін.

Күн сайын орталық қызметкерлері қазақ жəне орыс тілдерінде 700-ге жуық қоңырау қабылдайды. Əр қоңырауға жауап беруге орта есеппен 100 секунд кетеді. Қабылданған əр сауал арнайы жүйемен тіркеледі. Одан əрі қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында астаналық автопарктерге жолданады.

Бір жыл ішінде 100 мың қоңырау қабылданған. Оның ішінде 38 мың сұрақ ASTRA Plat электронды жүйесіне қатысты, 34 мыңы маршруттардың жұмысына байланысты, оның 17 мыңы тасымалдаушылардың қызметіне шағым. Одан бөлек 1800 арыз қоғамдық көлік қызметінің сапасын жақсартуға қатысты.

Əр сұраққа супервайзерлер, сарапшылар, бас операторлар, көліктік бақылау басқармасының өкілдері жауап береді.

Байланыс орталығының ашылғалы қоғамдық көлік қызметінің сапасы 50%-дан 80%-ға дейін артты.

25.10.2016 16:05:00