Астана, Тұран көшесі 34
Күн сайын 850000 жолаушы тасымалы
Отыратын орындар көбірек
21 елді мекенге қала маңындағы бағдарлар
ASTRA PLAT
ASTRA PLAT

Жаңа экспресс бағдары "Өндіріс" ТА сол жағалаумен көліктік байланыспен қамтамасыз етеді

«Өндіріс» ТА тұрғындарына жағымды жаңалық! Осы сенбіде, яғни 10 ақпаннан бастап, аталған тұрғын алабын қаламыздың сол жағалауымен байланыстыратын жаңа № 104 экспресс бағдары (Сусамыр көшесі- «Азия парк» СОО) іске қосылатындығы жайлы хабардар етеміз.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Өндіріс» ТА тұрғындарының ішінде сауалнама жүргізіліп, соның нәтижесінде жаңа бағдардың жобасы мақұлданған болатын. Айта кету керек, бұған дейін аталған тұрғын алабының тұрғындары сол жағалауға тек алмасып отыру арқылы қатынайтын болған.
№104 бағдары қала ішінде келесі сызба үлгісі бойынша қозғалатын болады:
«Сусамыр көшесі» бастапқы нүктесінен бастап, Сусамыр көшесімен- солға Крылов көшесіне –оңға Шиелі көшесіне- солға Тоқтаров көшесіне-оңға Кемеңгерұлы көшесіне- Ақбидай көшесі- оңға Өндіріс көшесіне-оңға Үшқоңыр көшесіне-Тайбурыл көшесі- Игілік көшесі-оңға Гоголь көшесіне- Жаңажол көшесі- Ақжол көшесі-оңға Пушкин көшесіне - Ж. Ташенов көшесі - солға Шалқыма көшесі – Мәңгілік ел даңғылы- оңға Достық көшесіне – соңғы аялдама «Азия парк» СОО.
Кері бағытта ұқсас қозғалыс сызбасы бойынша.



06.02.2018 01:00:00