Астана, Тұран көшесі 34
Күн сайын 850000 жолаушы тасымалы
Отыратын орындар көбірек
21 елді мекенге қала маңындағы бағдарлар
ASTRA PLAT
ASTRA PLAT

Ы. Дүкенұлы көшесі бойынша жүретін 10 автобус бағдарының қозғалыс сызбасы өзгертіледі

2018 жылдың 15 ақпанынан 20 сәуірге дейін, Ы. Дүкенулы көшесінде Ш. Айманов көшесінен Ы. Дүкенұлы көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысының тоқтатылуына байланысты, бірқатар автобус бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертіледі.

№ 52 бағдарының қозғалысы Бөгенбай батыр даңғылына дейін өзгеріссіз, әрі қарай Бөгенбай батыр даңғылы бойымен тура, оңға Республика даңғылына, оңға Ы. Дүкенұлы көшесіне, оңға Ш. Айманов көшесіне, солға Бөгенбай батыр даңғылына, ары қарай қолданыстағы қозғалыс сызбасы бойынша.

Кері бағытта ұқсас қозғалыс сызбасы бойынша.


№№ 14, 48 бағдарларының қозғалысы Ы. Дүкенұлы көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына уақытша көшіріледі.

№№1, 24, 34, 38, 53, 127 және экспресс 103 бағдарларының қозғалысы Алаш тас жолы көпірінен Ы. Дүкенұлы көшесіне кірмей солға Ш. Валиханов көшесіне бұрылады.

Кері бағытта ұқсас қозғалыс сызбасы бойынша.



08.02.2018 16:00:00