Астана, Тұран көшесі 34
Күн сайын 850000 жолаушы тасымалы
Школьные перевозки "Мektep Bus"
Отыратын орындар көбірек
21 елді мекенге қала маңындағы бағдарлар
ASTRA PLAT
ASTRA PLAT

Жалған құжаттар ұсынып, қоғамдық көлік қызметін тегін пайдаланғаны үшін астаналық әйел қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Кезекті тексеру барысында «Астана LRT» ЖШС Көліктік бақылау департаментінің инспекторлары 51-бағдармен жүретін автобуста жалған зейнеткер куәлігін ұсынған тәртіп бұзушыны анықтады.

Жолаушылар мен жол жүгін қоғамдық көлікпен тасымалдау қағидаларының орындалуын бақылайтын «Астана LRT» ЖШС Көліктік бақылау департаменті қалалық автобустарда күнделікті тексеру жүргізіп отырады. Департамент инспекторлары кондукторлардың билет берген-бермегенін, сондай-ақ жолаушылардың да билет алған-алмағанын тексереді.

Кезекті тексеру барысында, 51-бағдар автобусында «Астана LRT» ЖШС Көліктік бақылау департаментінің инспекторлары жалған зейнеткер куәлігін ұсынған тәртіп бұзушыны анықтады.

Куәліктің жалған екеніне инспекторлар ЗТМО базасынан құжаттарды тексеру мүмкіндігі арқасында автобустан шықпай-ақ көз жеткізді.

Инспекторлар полиция шақырды. Қазіргі уақытта Есіл АІІБ-де ҚР ҚК 385-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған бапқа сәйкес жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу екі мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде (2018 жылы 4 810 000 теңге) айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Бұл ретте 2017 жылғы желтоқсанда «Астана LRT» ЖШС Көліктік бақылау департаменті OLX.kz сайты арқыыл жалған зейнеткер куәлігін сатумен айналысатын Астақа қаласының басқа әйел тұрғынын анықтаған. Оған қатысты ҚР ҚК 385-бабы 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бiрнеше рет немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған дәл сол іс-әрекеттертөрт мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде (2018 жылы 9 620 000 теңге) айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Көліктік бақылау департаментіне Автобус парктерінің басшылығынан астараның қалалық бағдарларында жалған жеңілдік куәліктері бойынша жол жүру жағдайлары жиілеп кеткені жөнінде бірнеше арыз келіп түсті.

2018 жылдың басынан бастап жол ақысын төлеудің электрондық жүйесіне көшуге байланысты, жеңілдік санатына жататын астананың барлық тұрғындарыныңатаулы электрондық көлік картасы болуы тиіс, алайда электрондық карталармен қатар қағаз куәліктер де әлі жарамды екенін еске саламыз, жолақы төлегісі келмейтіндер осыны пайдаланып кетеді.

Жеңілдік санатына жататын Астана қаласы тұрғындарын атаулы көлік карталарын алып, міндетті түрде валидациядан өтуді, яғни қоғамдық көлікте жол жүргенін тіркеуді сұраймыз.

13.02.2018 00:00:00