Астана, Тұран көшесі 34
Күн сайын 850000 жолаушы тасымалы
Школьные перевозки "Мektep Bus"
Отыратын орындар көбірек
21 елді мекенге қала маңындағы бағдарлар
ASTRA PLAT
ASTRA PLAT

Айтматов көшесінде қозғалыс шектелді

2018 жылғы 13 сәуірден бастап жол төсемінің опырылуына байланысты Ш. Айтматов көшесі Орынбор көшесінен Қ. Мұхамеджанов көшесіне дейінгі жол бөлігінде бағдарлы автобустардың қозғалысы шектеледі

Өзгерістер мынадай бағдарларда болады:

№ 7 бағдар – «Шарын» базары» бастапқы аялдамасынан Қ. Мұхамеджанов көшесіне дейін өзгеріссіз, одан әрі Қ. Мұхамеджанов көшесіне солға, И.Омаров көшесіне оңға, Орынбор көшесіне оңға, Ш. Айтматов көшесіне солға, одан әрі қолданыстағы қозғалыс сызбасына сәйкес. Кері бағытта ұқсас қозғалыс сызбасы бойынша.

№ 17 бағдар – «Достық» БМСК» бастапқы аялдамасынан «Жағалау-4» соңғы аялдамасына дейін өзгеріссіз, одан әрі Ш. Айтматов көшесіне оңға, Орынбор көшесіне солға, Қ. Мұхамеджанов көшесіне солға, Ш. Айтматов көшесіне оңға, одан әрі қолданыстағы қозғалыс сызбасына сәйкес. Кері бағытта ұқсас қозғалыс сызбасы бойынша.

№ 44 бағдар – «Строймарт» гипермаркеті» бастапқы аялдамасынан Орынбор көшесі – Ш. Айтматов көшесі қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі Орынбор көшесінде 180* айналып бұрылу. Кері бағытта ұқсас қозғалыс сызбасы бойынша.

№ 61 бағдар – «Теплотранзит» бастапқы аялдамасынан Орынбор көшесі – И.Омаров көшесі қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі Орынбор көшесімен тура, Ш. Айтматов көшесіне солға, одан әрі қолданыстағы қозғалыс сызбасына сәйкес. Кері бағытта ұқсас қозғалыс сызбасы бойынша.

№ 101э бағдар – «№2 Ақмола облыстық ауруханасы» бастапқы аялдамасынан Орынбор көшесі – И.Омаров көшесі қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі Орынбор көшесімен тура, Ш. Айтматов көшесіне солға, одан әрі қолданыстағы қозғалыс сызбасына сәйкес. Кері бағытта ұқсас қозғалыс сызбасы бойынша.



13.04.2018 00:00:00