Астана, Тұран көшесі 34
Күн сайын 850000 жолаушы тасымалы
Школьные перевозки "Мektep Bus"
Отыратын орындар көбірек
21 елді мекенге қала маңындағы бағдарлар
ASTRA PLAT
ASTRA PLAT

Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 224/30 VI шешімі күшіне енеді

2018 жылғы 4 мамырдан бастап Астана қаласы Мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 224/30 VI шешімі күшіне енеді, оған сәйкес мүгедек балалардың ата-анасы (заңды қамқоршысы) бала 18 жасқа толғанға дейін қоғамдық көлікпен тегін пайдалана алады

Құрметті қоғамдық көліктің пайдаланушылары!
2018 жылғы 4 мамырдан бастап Астана қаласы Мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 224/30 VI шешімі күшіне енеді, оған сәйкес мүгедек балалардың ата-анасы (заңды қамқоршысы) бұрынғыдай бала 7 (жеті) жасқа толғанға дейін емес, 18 жасқа толғанға дейін қоғамдық көлікті тегін пайдалана алады. Тегін жол жүру құқығы мүгедек баланың ата-анасының (заңды қамқоршысының) біреуіне беріледі. Бұрын бұл құқық мүгедек баланы сүйемелдеу кезінде ғана берілген.
Аталған санаттағы азаматтар тегін жол жүру құқығын 2018 жылғы 1 маусымға дейін қағаз куәлік (зейнеткер кітапшасын) ұсынған кезде пайдалана алатыны жөнінде хабардар етеміз.
Көрсетілген күннен кейін жеңілдік санатындағы азаматтар атаулы көлік картасын Қажымұқан көшесі, 14 мекенжайында орналасқан Орталық кассадан алуы қажет. Атаулы көлік карталарын дайындауға арналған мәліметтерді Астана қаласы «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ тоқсанына бір рет және қажетіне қарай ұсынатынын назарға саламыз. Сондықтан сіздердің карталарыңызды дайындау біраз уақыт алатындықтан, дәл қазір көлік картасын алу үшін дереу Орталық кассаға барудың қажеті жоқ.

Деректер қорын жүктеу таяу уақытта жүргізілетін болады, бұл жөнінде қосымша хабарлайтын боламыз.


04.05.2018 09:00:00