Астана, Тұран көшесі 34
Күн сайын 850000 жолаушы тасымалы
SPORT SHUTTLE BUS спорттық іс-шараларға қызмет көрсету
Отыратын орындар көбірек
21 елді мекенге қала маңындағы бағдарлар
ASTRA PLAT
ASTRA PLAT

"Қала" және "Тұлпар" тарифтері жойылады

Қоғамдық көлік пайдаланушыларына қолайлы болу үшін, 2018 жылғы 16 шілдесінен бастап, көлік карталарына арналған «Көлік әмияны» мен «Айлық жол жүру» (ересек және балалар) тарифтерінен басқа, барлық тарифтік жоспарлар жойылады.

Сіздерге қолайлы болу үшін, 2018 жылғы 16 шілдесінен бастап көлік карталарына арналған «Көлік әмияны» мен «Айлық жол жүру» тарифтерінен басқа, барлық тарифтік жоспарлар жойылады.

Бұл шара көлік карталарын толтыру мен пайдалануды жеңілдетуге бағытталған.

Ендігі уақытта картаны толтыру кезінде Сіз тарифті таңдамай-ақ, 100 теңгеден 5 000 теңгеге дейін кез келген сомаға картаңызды толтыра аласыз.
Тариф қалалық, экспресс және қала маңы сияқты барлық бағдарларда қолданыла береді.
60 минут ішінде бір рет басқа автобусқа ауысып отыру мүмкіндігі сақталады. Қалалықтан қалалыққа, экспрестен экспреске, қала маңы бағдарынан экспресс пен қалалық бағдарларға ауысып отыруға болады.
«Қала/Город», Тұлпар/Экспресс», «Аймақ/Пригород І, ІІ, ІІІ, ІV» тарифтерін жүктеп үлгерген пайдаланушылар көлік карталары бойынша сапарлар саны аяқталғанша, көлік карталарын пайдалана береді.
«Көлік әмияны» тарифін төлеу кезінде жол жүру құны:
Дағдылы қалалық бағдарларда – 90 теңге;
Экспресс-бағдарларда – 180 теңге;
«Айлық жол жүру» тарифінің құны:

Қала Айлық/Город месячный – 7 500 тг. (ересек), 1500 тг. (балалар)
Қала 3- айлық/Город 3-х месячный - 20 000 тг. (ересек), 4000 тг.(балалар)
Қала+Аймақ (айлық)/Город+Пригород (месячный) - 9500 тг. (ересек), 2000тг. (балалар)

13.07.2018 10:00:00