Астана, Тұран көшесі 34
Күн сайын 850000 жолаушы тасымалы
Школьные перевозки "Мektep Bus"
Отыратын орындар көбірек
21 елді мекенге қала маңындағы бағдарлар
ASTRA PLAT
ASTRA PLAT

Айлық жарияланады!

Егер сіз қоғамдық көліктің қолайлы болғанын қаласаңыз, сондай-ақ белсенді азаматтық позицияны ұстансаңыз және қала өмірін жақсарту үшін өз үлесіңізді қосқыңыз келсе, біз Сіздер үшін 2018 жылдың 4 қазанынан бастап 3 қарашасына дейін «Қоғамдық бақылау: аялд

Құрметті қоғамдық көлік пайдаланушылары! Қала өміріне бей-жай қарамайтын елордалықтар!
Қоғамдық көлік саласы үкімет тарапынан субсидияланатыны көпшілігіңізге мәлім. Тасымалдаушылар көрсететін қызмет сапасы субсидияға лайықты болуы керек деген пікірмен сіздер де келіседі деп ойлаймыз. Сонымен қатар, біз жолаушылардан күн сайын автобустың аялдамаға дұрыс тоқтамауы, автобусты жүргізушінің кілт тежеуі, аялдамаға тоқтамай өтіп кетуі, жолаушыларды мінгізу-түсіру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамауы және т.б. сияқты себептермен жүргізушілердің тарапына айтылатын көптеген шағымдарын қабылдаймыз.
Осы орайда, біз де қоғамдық көлік қызметі сапасының жоғарылауын, елорданың деңгейіне лайықты болуын қалаймыз.
Егер сіз қоғамдық көліктің қолайлы болғанын қаласаңыз, сондай-ақ белсенді азаматтық позицияны ұстансаңыз және қала өмірін жақсарту үшін өз үлесіңізді қосқыңыз келсе, біз Сіздер үшін 2018 жылдың 4 қазанынан бастап 3 қарашасына дейін «Қоғамдық бақылау: аялдамаға тоқтау» бір айлығын ұсынамыз.
Айлыққа тәртіп бұзушылыққа куә болған кез келген жолаушы қатыса алады.
Ол үшін қоғамдық көлікке байланысты тәртіп бұзушылықты фото немесе бейнежазбаға түсіріп, нақты уақыты мен орнын көрсетіп, хабарламаны бізге жіберуіңізге болады.
Хабарламаны өзіңіздің Facebook, Instagram парақшаларыңызда #контрольАЛРТ, #месячникАЛРТ, #бақылауайлығы, #АЛРТбақылау хэштегтерімен қалдыруыңызға болады. Сонымен бірге, жоғарыда көрсетілген хэштегтермен «Астана LRT» серіктестігінің ресми парақшаларына жеке хабарламамен жіберуіңізге немесе press@astanalrt.com поштасына «Общественный контроль» немесе «Қоғамдық бақылау» белгісімен қалдыруыңызға болады.
Қатысқандарыңызға қуанышты боламыз!

03.10.2018 00:00:00