Астана, Тұран көшесі 34
Күн сайын 850000 жолаушы тасымалы
SPORT SHUTTLE BUS спорттық іс-шараларға қызмет көрсету
Отыратын орындар көбірек
21 елді мекенге қала маңындағы бағдарлар
ASTRA PLAT
ASTRA PLAT

Астана әкімдігінің комиссиясы қоғамдық көліктегі мәселелер бойынша мәжіліс өткізді

Комиссия парктредің жағдайы мен қоғамдық көліктің алдағы қысқа дайындығын тексерді.

Кеше Астана әкімдігінің комиссиясы автобус парктерін аралап, қоғамдық көліктегі мәселелер бойынша мәжіліс өткізді. Комиссия парктредің жағдайы мен қоғамдық көліктің алдағы қысқа дайындығын тексерді.
Елордамызда қоғамдық көлік қызметтерін ұсынушы 8 автобус паркі бар. Олардың иелігіндегі жылжымалы құрамның жалпы саны 1 158 көлік. Оның ішінде 729 автобустың зауыттан шыққанына 5 жылдан аспаған. Жолаушыларды тасымалдауға желіге күніне 750 - 800 автобус жұмылдырылады.
Бүгінгі таңда автобустарды қысқа дайындау процесі аяқталды. Автобусты қыс мезгіліне дайындау дегеніміз - жылыту жүйесін тексеру, есіктер мен люктерде тығындау материалдарын тексеріп, жаңарту, салонның ауа сүзгілерін алмастыру және барлық сұйықтықтарды алмастыру жатады.

Барлық автобус парктерінің автобустарға арналған өз жылы бокстары бар, бірнеше бокс жалға алынып отыр . Жалпы алаңы 90 мың шаршы метр болатын 18 бокс дайындалды.
Сонымен қатар парктерге тиесілі жалпы сыйымдылығы 240 мың тоннаны құрайтын 3 жанармай құю станциясы бар. 3 дизелді отын жеткізушілерімен келісімшарт жасалған.
Автобустарға техникалық қызмет Астана қаласында көрсетіледі, сондай-ақ автобус парктерінде автобустарға жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған өз жөндеу орындары бар.
Қысқа дайындықты жүргізушілер де өтеді. Жол қозғалысы қауіпсіздігінің инженерлері күрделі ауа райы жағдайларында жұмыс істеу турасында жүргзушілермен қосымша инструктаж өткізеді.
Бүгінгі күні автопарктерде жүргізушілер тапшы. Қоғамдық көлік жүргізушісіне қойылатын талаптар жоғары екені көпшілікке аян. Үміткерлер елорданың қоғамдық көлігінде жүргізуші болуы үшін қалалық қоғамдық көліктерде кем дегенде 5 жыл еңбек өтілі болуы шарт, арнайы тесттерден өтуі тиіс, біліктілік орталығында қосымша біліктілікті арттыруы қажет. Қазан, қараша айларында көлік мамандарының біліктілігін арттыру орталығында 50 жүргізуші сабақ алып, автобус парктеріне жұмысқа алынды. Жүргізушілердің штатын арттыру бойынша жұмыстар әлі жалғасатын болады.

10.11.2018 00:00:00