Астана, Тұран көшесі 34
Күн сайын 850000 жолаушы тасымалы
SPORT SHUTTLE BUS спорттық іс-шараларға қызмет көрсету
Отыратын орындар көбірек
21 елді мекенге қала маңындағы бағдарлар
ASTRA PLAT
ASTRA PLAT

ЕҚҚДБ Астанаға 200 заманауи автобустардың сатып алуына қаражат бөледі

Лондонда бүгін көлік желісін жаңғыртуды қолдау туралы Астана қаласының әкімдігі, әкімдікке қарасты «Астана LRT» ЖШС және Еуразиялық қайта құру және даму банкі арасындағы үшжақты келісімшартқа қол қойылды.

Осы келісімшарттың шеңберінде сәйкес 2016 жылдан бастап 2017 жылға дейінгі кезеңде жаңа буындағы қалалық автобустардың 200 бірлігін жеткізуге қаржы бөлу көзделген. Жаңғырту шарттарына сәйкес сатып алынатын көлік ақпараттандырудың, жолаушыларды санау, бейнебақылау, ауаны баптау және жылыту заманауи жүйелерімен қондырғылармен жабдықталуы тиіс. Жаңа автобустарда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жағдай жасау қаржыландырудың жеке шарты болып табылады.

Жоғарыда көрсетілген келісімшартқа қол қою Астана қаласының инвестициялық тартымдылығын көрсететінін атап кеткені маңызды. ЕҚҚДБ сарапшыларының сөздеріне жүгінсек, қала әкімдігі елорданың көлік кешенін жаңғырту мен дамытуда дұрыс жол таңдады.

«Осы келісімшартқа қол қою Астана қаласының әкімдігі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасындағы ынтымақтастыққа қосымша серпін береді. Банк инвестициялары елорда тұрғындары мен қонақтардың өміріндегі жақсы өзгертер әкелетін инновациялық шешімдерді жүзеге асыруға ықпал етеді» - деді Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков.

Бұдан бұрын Астана қаласының Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасындағы қалалық автобустардың тапшылығы проблемасын шешу мақсатында «Астана LRT» ЖШС бірге «City bus» атты үш кезеңнен тұратын жылжымалы құрамды жаңарту жобасы енгізілді. Бірінші кезеңді іске асыру аясында әлемдік сапа стандарттарына с»йкес келетін IVECO Citelis маркадағы автобустың 358 бірлігін жеткізу туралы келісімшарт жасалды.

Анықтама:

Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) - өз қаражаттарын ғана емес, маңызды тікелей шетелдік инвестицияларды тартуда ірі инвестор болып табылатын халықаралық қаржы ұйымы. ЕҚҚДБ қаржы істерді жүргізудегі ашықтығы мен адалдығымен ерекшеленеді. Сондай-ақ. қоршаған ортаны қорғау принциптері банк қызметінде өте маңызды.

03.11.2015 03:58:00
Астана LRT