Астана, Тұран көшесі 34
Күн сайын 850000 жолаушы тасымалы
SPORT SHUTTLE BUS спорттық іс-шараларға қызмет көрсету
Отыратын орындар көбірек
21 елді мекенге қала маңындағы бағдарлар
ASTRA PLAT
ASTRA PLAT

«OyBy» мобильдік қосымшасы туралы еске салғымыз келеді, оның көмегімен қалалық және қала маңындағы бағыттарда бір жолғы жолақы төлеуге болады.

Бүгін біз сіздерге «OyBy» мобильдік қосымшасы туралы еске салғымыз келеді, оның көмегімен қалалық және қала маңындағы бағыттарда бір жолғы жолақы төлеуге болады.

Құрметті жолаушылар!

Сіз білетіндей, бүгінгі таңда қоғамдық көлікте жолақы төлеудің әр түрлі тәсілдері бар. Бүгін біз сіздерге «OyBy» мобильдік қосымшасы туралы еске салғымыз келеді, оның көмегімен қалалық және қала маңындағы бағыттарда бір жолғы жолақы төлеуге болады.

Қосымшаны пайдалануды бастау үшін, оны телефоныңызға орнату керек. Бұны сілтемелердің бірі арқылы жасауға болады:
1. https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.ipay.oyby Play Market-ке сілтеме (Android үшін)
2. https://itunes.apple.com/kz/app/oyby/id1242719892?mt=8 AppStrore сілтемесі (айфон үшін)
«OyBy» мобильді қосымшасын орнатқаннан кейін Сізге тіркелу қажет:
1. Телефон нөмірін енгізіңіз, содан кейін сізге коды бар SMS келеді.
2. Толық тіркеу Сіздің атыңыз бен қалаңызды қосымшаның тиісті алаңдарында көрсеткеннен кейін аяқталады.
Электрондық билетті сатып алу үшін бағдарламаның негізгі мәзірінде «Астана LRT» белгісіне басып, «билетті сатып алу» сілтемесі бойынша өту қажет.
Бірінші рет іске қосқан кезде «телефон балансынан» немесе «банк картасымен» төлеу тәсілін көрсету қажет.
Жол жүру ақысын телефон теңгерімінен төлеу
1. Ұялы төлемге телефон нөмірін смартфоныңызға байлау арқылы қосылуға болады.
2. SMS растау енгізіңіз.
3. Телефонды автобустағы QR-кодты сканерлеңіз
Назар аударыңыз! Телефон теңгерімінен жол ақысын BeelineҚазақстан операторы ғана қолдайды.

Жол жүру ақысын банк картасы арқылы төлеу
Банк картасымен төлеу кезінде төлемге ҚР кез келген Банкінің VISA/MasterCard карталары қабылданатынын білу қажет.
1. Барлық жолдарды толтыра отырып, сіз банк картасы арқылы жол ақысын төлей аласыз.
2. Банк картасын тіркеу «Банкті қосу» батырмасын басқаннан кейін аяқталады.
3. Төлем мүмкіндігін тексеру үшін, сіздің шотыңыздан 100 теңге мөлшерінде шегеріліп, қайтару жүзеге асырылады.
Қоғамдық көлікте жүру ақысын төлеудің осы тәсілі сізге ұнайтынына және сіз үшін ыңғайлы болады деп үміттенеміз! Барлық өзгерістер, қоғамдық көліктерде жол ақысын төлеудің жаңа тәсілдері туралы «Астана LRT» ЖШС ресми сайтынан білуге болады http://www.alrt.kz/ .


19.02.2019 00:00:00