Астана, Тұран көшесі 34
Күн сайын 850000 жолаушы тасымалы
SPORT SHUTTLE BUS спорттық іс-шараларға қызмет көрсету
Отыратын орындар көбірек
21 елді мекенге қала маңындағы бағдарлар
ASTRA PLAT
ASTRA PLAT

Елорданың қоғамдық көліктерінде Beeline абоненттері үшін «20-ға арзан» акциясы іске қосылады

«Мой Вeeline» мобильді қосымшасын пайдаланушыларын қуантқымыз келеді! Сіздер үшін 1 мамырдан бастап 30 маусымға дейін QR-код бойынша төленген жағдайда автобустарда жол жүру құны 70 теңге болады.

Акция кезінде күн сайын 20 теңгеге арзан екі сапар жасауға болады. Үшінші сапардан бастап жол жүру құны қалалық бағдарлар үшін стандартты - 90 теңге болады.

Бұл қалай жұмыс істейді?

Жол ақысын төлеу кезінде теңгерімнен 90 теңге толық жол ақысы шегеріледі де кейін теңгерімге 20 теңге қайтарылады. Міне, ұялы оператордың сыйлығы осындай.

Жол ақысын төлеу үшін теңгерімде кем дегенде 91 теңге болуы тиіс. Акцияны тек аванс түрінде төлейтін абоненттер ғана пайдалана алады.

Акция барлық қалалық бағыттарда әрекет етеді.

30.04.2019 00:00:00