Астана, Тұран көшесі 34
Күн сайын 850000 жолаушы тасымалы
SPORT SHUTTLE BUS спорттық іс-шараларға қызмет көрсету
Отыратын орындар көбірек
21 елді мекенге қала маңындағы бағдарлар
ASTRA PLAT
ASTRA PLAT

Астана қаласының көлік бақылау қызметі сәуір айының алғашқы 2 аптасында жүзден астам заң бұзушылықтарды анықтады

Астана қаласының көлік бақылау қызметі сәуір айының алғашқы екі аптасында 112 заң бұзушылықты анықтады.

Инспекторлардың мәлімдеуінше, олар – жылдамдық тәртібін сақтамау, рөлде отырған кезде ұялы телефон пайдалану, автобустың жеткілікті санитарлық жағдайының болмауы, аялдамаларға тоқтамау немесе жолаушыларды рұқсат етілмеген жерлерде түсіру, сондай-ақ үзіліс уақытында автобус салонында темекі тарту сияқты бұзушылықтар.

Аталмыш фактілер бойынша актілер жасалып, олардың негізінде апталық жиындарда заң бұзушылар қатысында шешім шығарылатын болады.

Бұдан бөлек, қалалық автобустарды тексеру барысында КБҚ көлік бақылау бөлімінің инспекторлары 9 жол-көлік апатын тіркеді, оның 4-і жүргізушілердің кінәсінен болғандығы анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, Көлік бақылау қызметі күн сайын жолға шығар алдында автобустардың техникалық және санитарлық жағдайын тексеру мақсатында автобус парктеріне барады. Сонымен қатар олар жұмыс күні барысында жүргізушілер мен кондукторлардың ҚР астанасында жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін және ҚР жол қозғалысы ережелерін сақтайтындықтарына тексеріс жасайды.

Астана қаласының көлік бақылау қызметімен толығырақ «Жобалар» бөлімінде таныса аласыз.

13.04.2016 06:01:00