Астана, Тұран көшесі 34
Күн сайын 850000 жолаушы тасымалы
SPORT SHUTTLE BUS спорттық іс-шараларға қызмет көрсету
Отыратын орындар көбірек
21 елді мекенге қала маңындағы бағдарлар
ASTRA PLAT
ASTRA PLAT

Лезде толтыру пункттерінің саны артты

Лезде толтыру пункттерінің саны артты


Көлік карталарын лезде толтырудың 114 пункті қала тұрғындарына қызмет көрсетеді.
Бүгінде қала және қала маңында көлік картасын лезде, комиссиясыз және төлемді белсендірусіз 114 пунктінде толтыруға болады. Көлік карталарын 800 000-ға жуық қала тұрғыны пайдаланғандықтан, теңгерімді толтыру мәселесі өте өзекті. Қалада 7 мамандандырылған касса, 30 RTVM- автоматтары жұмыс істейді. Бірақ, көлік карталарын лезде толтыру пункттері соңғы уақытта толтырудың барлық тәсілдеріне жақсы балама болды.
Лезде толтыру пункттерінің саны үнемі артып, олардың географиясы кеңейіп келеді. Олар тек қалада ғана емес, қала маңында да ашылады. Көлік картасын Талапкер, Ильинка және Қараөткел ауылдарының тұрғындары лезде толтыра алады. Олар үшін жеті пункт жұмыс істейді.

Лезде толтыру пункттерінің мекен-жайларын, сондай-ақ жұмыс кестесін біздің www.alrt.kz сайтымыздан таба аласыздар. Бізбен бірге лезде толтыру пунктерінің географиясын кеңейтіңіз!

02.05.2019 15:26:00