Астана, Тұран көшесі 34
Күн сайын 850000 жолаушы тасымалы
SPORT SHUTTLE BUS спорттық іс-шараларға қызмет көрсету
Отыратын орындар көбірек
21 елді мекенге қала маңындағы бағдарлар
ASTRA PLAT
ASTRA PLAT

Миф және шын. Тегін ауысып отыру

Бүгін біз тағы да бір мифті жоққа шығарамыз!

Достар, сіздерден бізге бір автобустан басқа автобусқа ауысып отыру ережелері туралы сұрақтар жиі келеді.

Бәрі сіз ойлағаннан әлде қайда оңай! Қоғамдық көлік картасын пайдаланған кезде бірінші валидация сәтінен бастап 60 минут бойы тегін ауысып отыруға болады. Бұл үшін сіз автобусқа кірген сәтте валидация жасауыңыз қажет, екінші автобусқа ауысып отырған кезде қайтадан валидация жасау керек. Ақша картадан шешілмейді және валидаторда «Ауысып отыру» немесе «Пересадка» жазуы шығады.

Егер де сіз SMS/QR-код арқылы жолақысын төлесеңіз, онда тегін ауысып отыра алмайсыз.

Достар, егерде қызықтыратын сұрақтарыңыз болса, төменге қалдырыңыздар. Ең жиі келетін сұрақтар айдарымыздың келесі тақырыбы болмақ.

Бұл жазбамен достарыңызбен бөлісіп, репост жасаңыздар!

22.05.2019 00:00:00