Астана, Тұран көшесі 34
Күн сайын 850000 жолаушы тасымалы
SPORT SHUTTLE BUS спорттық іс-шараларға қызмет көрсету
Отыратын орындар көбірек
21 елді мекенге қала маңындағы бағдарлар
ASTRA PLAT
ASTRA PLAT

Миф және шын. Айлық жол жүру.

Бүгін біз тағы да бір мифті жоққа шығарамыз! Достар, сіздер айлық жол жүруді қалай сатып алуға болатыны туралы сұрақтарды жиі қоясыздар. Келесі айға тарифті кез келген күні сатып алуға болады деген пікір бар. Алайда, бұл мәлімдеме дұрыс емес.


Айлық жол жүруді ағымдағы айдың 15-не дейін жүктеуге болады. Ол ағымдағы айдың соңғы күніне дейін ғана жарамды болады.


Келесі айға тарифті ағымдағы айдың 16-сынан бастап келесі айдың 15-іне дейін сатып алуға болады.

Ол келесі айдың соңына дейін жарамды болады.


Мысалы, шілде айына айлық жол жүру тарифін сіз 16 маусымнан бастап, 15 шілдеге дейін сатып ала аласыз. Ол шілденің 1-нен бастап 31-іне дейін жарамды болады.

Достар, егерде қызықтыратын сұрақтарыңыз болса, төменге қалдырыңыздар. Ең жиі келетін сұрақтар айдарымыздың келесі тақырыбы болмақ.


P.S. Қала ішіндегі бағыттар бойынша тарифтің құны – 7500 теңге, қала маңындағы елді-мекендерге қатынайтын қоғамдық көліктердегі айлық тариф – 9500 теңге.

06.06.2019 00:00:00