Астана, Тұран көшесі 34
Күн сайын 850000 жолаушы тасымалы
SPORT SHUTTLE BUS спорттық іс-шараларға қызмет көрсету
Отыратын орындар көбірек
21 елді мекенге қала маңындағы бағдарлар
ASTRA PLAT
ASTRA PLAT

Көлік картасы елорда оқушылары үшін әмбебап болады

Енді оқушылар бір ғана карта арқылы жолақысын төлеп, мектепке кіріп, асханада төлем жасай алады. Картаның 2 бөлек шоты бар: 1.Мектеп асханасында тамақтану үшін BalaPay/FeebMe шоты 2.Жол ақысын төлеу үшін Astana LRT шоты


Бұл өте ыңғайлы, себебі сіз балаңыздың картасындағы теңгерімін әрдайым қашықтықтан бақылай аласыз.
Мектеп көлік картасын Қошқарбаев көшесі 50/1 мекен-жайы бойынша орналасқан орталық кассадан алуға болады. Кассаның жұмыс кестесі: сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін.

Өзіңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі, 3х4 фото, мектептен анықтама, ата-анасының жеке куәлігі болуы керек.

Егер сізде мектеп картасы бар болса, жаңасын жасату қажет емес.

Барлық сұрақтар бойынша 87750070620 (BalaPay), 87479150709 (FeebMe) телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз.
05.09.2019 00:00:00