Астана, Тұран көшесі 34
Күн сайын 850000 жолаушы тасымалы
SPORT SHUTTLE BUS спорттық іс-шараларға қызмет көрсету
Отыратын орындар көбірек
21 елді мекенге қала маңындағы бағдарлар
ASTRA PLAT
ASTRA PLAT

Құрметті Целиноград және Аршалы аудандарының тұрғындары!

«Аймақ» атты жеңілдігі бар көлік карталарын пайдаланушылар 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін қала маңына қатынайтын бағдарларда тегін жүре алады.

Тұрғындардың арасында қала маңы жеңілдігі бар көлік карталарында тегін жол жүруді алып тастау туралы сыбыс тарала бастағанын білеміз. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтардың жеңілдік санатына жататын Целиноград және Аршалы ауданының тұрғындары қала маңына қатынайтын бағдарларда тегін жол жүруге құқылы.

Аталмыш аудандар 2 жылдан бері бюджеттен қаражат бөліп, жыл соңына дейін қала маңына қатынайтын бағдарларда жеңілдіктері бар азаматтарды тегін тасымалдау туралы шарт жасасады. Сондықтан бұл аудандарда жеңілдіктері бар азаматтар үшін жол ақысы жақын арада ақылы болатыны туралы жалған хабарламаларға сенудің қажеті жоқ дегіміз келеді.

Естеріңізге салсақ, әрбір аймақ өз бюджетін дербес қалыптастырады және бюджеттен шығарып, тиісті әлеуметтік саясатты жүргізеді (жеңілдіктер мен әлеуметтік көмекті анықтайды). Демек, жеңілдігі бар азаматтардың тасымалдау шығындары республикалық бюджеттен емес, жергілікті бюджеттен алынады.

Осылайша, жеңілдікті қандай санаттағы азаматтар және қандай бағдарларда жол ақысын төлеуден босатуды жергілікті билік органдары шешеді.

(Қала маңындағы тұрғындар үшін жеңілдіктерді аудандық билік органдары ұсынады).

Нұр-сұлтан қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 167/21-VI шешіміне сәйкес баяндалған ережелер қала маңындағы бағдарларға қатысты жоқ.

Бұл ретте, жеңілдікті жол жүру құқығы ТЕК қана НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДА ТІРКЕЛГЕН азаматтарда бар.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, Нұр-Сұлтанда тіркелген жеңілдігі бар көлік карталарын пайдаланушылардың тек қалалық және экспресс-бағдарларда тегін жүруге құқығы бар. Ал қала маңындағы бағдарларда "Аймақ" жеңілдігі бар карталарын пайдаланушылар ғана тегін жүре алады
05.11.2019 18:02:00