Астана, Тұран көшесі 34
Күн сайын 850000 жолаушы тасымалы
SPORT SHUTTLE BUS спорттық іс-шараларға қызмет көрсету
Отыратын орындар көбірек
21 елді мекенге қала маңындағы бағдарлар
ASTRA PLAT
ASTRA PLAT

Бүгін №40 бағдар жүргізушісіне алғыс айтқымыз келеді!

Достар, бүгін таңертең болған жол-көлік оқиғасы туралы жаңалықты оқыған шығарсыздар.

Қиылыста солға бұрылған трактор қарсы бағытта келе жатқан №40 бағдар автобусына жол бермеген, салдарынан жол көлік оқиғасына тап болды.

Автобус жүргізушісі Бауыржан Өмірбеков өз жолымен бағдаршамның жасыл түсіне жүріп бара жатқан. Автобус жылдамдығы 40 км/сағ болды.

Оған кәсіпқойлығы үшін алғыс айтқымыз келеді. Ол, мүмкіндігінше, жол қиылысына шыққан трактормен соқтығысуды болдырмауға тырысты. Осының арқасында соққының салдарын азайтты. Сондай-ақ, ол үлкен жол-көлік оқиғасының орын алуына қарамастан, ең алдымен дәрі қобдишасын алып, зардап шеккен жолаушыларға алғашқы көмек көрсете бастады (қанды тоқтату үшін таңғыш жасады). ЖКО туралы диспетчерлерге хабарлап, жедел жәрдемді шақырды.

Бауыржан сондай-ақ онымен бірге жарақаттанған адамдарға алғашқы көмек көрсеткен жолаушыға алғысын білдіреді.

Сонымен қатар, Бауыржан өткен жылы үздік жүргізуші ретінде алғыс хатқа ие болған еді. Бұл туралы өз жарияланымызда жаздық https://www.facebook.com/…/a.15106950658…/1947488122213435/…
Автопарк басшылығы оны әрдайым мақтап, кәсіби маман ретінде бағалайды.
Бүгін ол бұны тағы да дәлелдеді деп есептейміз.
12.11.2019 00:00:00