Астана, Тұран көшесі 34
Күн сайын 850000 жолаушы тасымалы
SPORT SHUTTLE BUS спорттық іс-шараларға қызмет көрсету
Отыратын орындар көбірек
21 елді мекенге қала маңындағы бағдарлар
ASTRA PLAT
ASTRA PLAT

Біздің орталығымыздың оқытушылары АСУ студенттеріне өткізген мастер-классы туралы айтып бергіміз келеді.

Сіздер елордада қоғамдық көлік жүргізушілерін, кондукторлар мен бақылаушыларды оқытатын көлік мамандарының біліктілігі орталығы бар екенін білесіздер ме?

Орталық оқытушылары жақында кәсіби жолын көлікпен қосқысы келген жас жеткіншіктерге «Қауіпсіз жол қозғалысын ұйымдастыру» тақырыбында мастер-класс өткізді. Бұл «АСУ» гуманитарлық-техникалық колледжінің «Жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығының студенттері еді.

Студенттер сауалнама толтырылып, жол қозғалысы қауіпсіздігін ұйымдастыру бойынша сұрақтарға жауап беріп, реакция жылдамдығы мен назар аудару деңгейін анықтау тестінен өтті, сондай-ақ жолда қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мәселелерге талдау жасап, өз ұсыныстарын айтты.

Мастер-класс барысында белсенділік көрсеткен студенттерге рахмет айтқымыз келеді. Студенттердің осылай белсенділік таңытуын орталық оқытушыларының ақпаратты қызықты етіп бере алғанына байланысты шығар деп ойлаймыз.

Жақын арада біз осындай мастер-кластар басқа да оқу орындарында өткіземіз.



15.11.2019 15:44:00