+7 7172 577-177 +7 7172 571-777 Астана, Тұран көшесі 34
Күн сайын 850000 жолаушы тасымалы
Отыратын орындар көбірек
21 елді мекенге қала маңындағы бағдарлар
ASTRA PLAT
ASTRA PLAT

Бағдаршамды нысандарды бейімделген басқару жүйесі

Заманауи қаладағы негізгі ерекшеліктерінің бірі – бұл жоғары өмір сапасын сүйемелдеуде маңызды әлеуметтік-экономикалық рөлді атқаратын көліктік қолжетімділік. Астананың қарқынды дамуын ескере отырып, қазіргі және болашақ қала құрылысы жобаларын сәтті іске асыру үшін қаладағы көлік жүйесін басқару бойынша бірегей тәсіл қажет. Мұндай шешімдердің бірі – Интеллектуалдық көлік жүйесін (ITS) іске қосу.

«Астана LRT» ЖШС ITS жобасын Астана қаласында іске асырған Қазақстандағы алғашқы компания болып табылады. Мемлекет басшысы аталған тапсырманы қазіргі заманғы технологияларды және жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу есебінен көліктік ағынды тиімді реттеу мақсатында берді.

ITS жобасы бірнеше кіші жүйеден тұрады:

  • Бағдаршам объектілерін бейімдеп басқару. Реттелетін жол қиылыстарында көлік ағындарын детектірлеу және Трафикті басқару орталығының серверлерінде орнатылған орталық бағдарламалық жасақтамамен байланыс орнатуға арналған арнайы жабдық қойылады. Бағдаршам объектілерін бейімдеп басқарудың басты мақсаты – көлік кептелістерін төмендету үшін қозғалысты оңтайландыру болып табылады. Бағдаршамдық рететуді басқарған кезде жол қиылысындағы барлық бағыттар бойынша ағыны, сондай-ақ іргелес жол қиылыстары ескеріледі.
  • Жүргізушілерді хабардар ету жүйесі. Ақпараттық табло мен ауыстырылатын ақпартатың жол белгілерін орнату.
  • Көғамдық көлікті диспетчерлеу жүйесі. Қалалық жолаушылар автобустарын диспетчерлеу, бейнебақылау, жолаушыларды есептеу, TFT және Led дисплей жүйесінің борттық жабдықтарымен жарақаттандыру.
  • Жолаушыларды хабардар ету жүйесі. Қоғамдық көліктің аялдама пункттерінде ақпараттық таблоларды орнату, сматрфонтар үшін мобильдік қосымшалар мен жол жүру бағдарын таңдау мүмкіндігін беретін интернет порталын әзірлеу.
  • Жол қиылыстарын бейнебақылау жүйесі. 30 жол қиылысын жол-көлік жағдайын қарап-талдау және жол қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау үшін қозғалатын және қозғалмайтын бейнекамералармен жарақаттандыру.

Сонымен бірге, қаланың көлік инфрақұрылымын бірыңғай басқаруға арналған Трафикті басқару орталығы құрылды.

2014 жылы «Астана LRT» ЖШС пайдалануға алдымен ITS енгізді. Ол астананың алты көшесіндегі 42 реттелетін жол қиылысын автоматты басқаруды қамтиды. Бұл Сарыарқа, Тұран, Сарайшық, Қонаев, Достық және Сығанақ көшелері. ITS жүйесін пайдаланған кезде ол көше желісінің өткізу қабілеттілігін мен көрсетілген көшелердегі көлік ағындарының қозғалыс жылдамдылығын орташа есеппен 21%-ға дейін арттыра отырып, көлік ағындарын басқарудағы тиімділігін көрсетті.

Қазіргі таңда 114 бағдаршам объектісін қамтитын ITS екінші кезегін жобалау жүргізілу үстінде. Интеллектуалдық көлік жүйесіне барлығы 402 реттелетін жол қиылысын қосу жоспарлануда.