+7 7172 577-177 +7 7172 571-777 Астана, Тұран көшесі 34
Күн сайын 850000 жолаушы тасымалы
Отыратын орындар көбірек
21 елді мекенге қала маңындағы бағдарлар
ASTRA PLAT
ASTRA PLAT

АСТАНА ҚАЛАСЫ КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІ

Астана қаласының көлік бақылау қызметі (КБҚ) – елордамыздың Көлік кешенін дамытудағы Қысқа мерзімдік жоспарын жүзеге асыру аясында құрылды. Аталмыш қызметтің мақсаты – жолаушылар көлігі саласындағы заң бұзушылықтарды анықтау және жою. КБҚ астаналық қоғамдық көлік бағдарларында 2015 жылдың қараша айынан бастап табысты қызмет етуде.

КБҚ-ның негізгі қызметтері:

  • Жолаушылардың жол жүру және қоғамдық көлік құралдарында қол жүгін алып жүруге төлем жасауларын бақылау;
  • Төлем жасаудың электронды жүйесі енгізілгенге дейін кондукторлардың жолаушыларға билет беруін бақылау;
  • Қоғамдық көлік жолаушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында маршруттық көлік құралдарының жарамдылығын тексеру;
  • Қалалық бағдарда жолға шығардан бұрын маршруттық көлік құралдарының техникалық және санитарлық жағдайын тексеру;
  • Жүргізушілер мен кондукторлардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау.
  • маршруттық көлік құралдарын қалалық бағдарларға жіберуге жауапты автобус парктерінің қызметін тексеру;
  • Апатты тіркеуге және мұнан кейінгі сараптама үшін маршруттық көлік құралдарының қатысуымен ЖКО (жол-көлік оқиғасы) болған жерге бару;
  • Астана қаласы әкімдігінің сайтына және Байланыс орталығына келіп түскен арыз-шағымдарда көрсетілген фактілер бойынша шаралар қолдану;
  • Астана аумағындағы (көлік тұрақтары) коммуналдық ақылы автотұрақтарды пайдалану үшін жасаған төлемдерін тексеру;

Бұдан бөлек, Астана қаласының көлік бақылау қызметі (КБҚ) қоғамдық көлік саласындағы көлік тәртібін арттыруға бағытталған. Яғни бұзушылықтарды анықтап, оларды болдырмау қоғамдық көлік жүргізушілерінің автобус айдау және кәсіби этикасын жақсы жаққа өзгертуге көмектеседі.

2015 жылдың қараша айынан 2016 жылдың наурыз айына дейінгі кезеңде КБҚ апаттық комиссарларымен алынған мәліметтерде маршруттық көлік құралдарының қатысуымен болған 218 ЖКО тіркелген, олардың 88-і автобус жүргізушілерінің кінәсінен болған.

Сондай-ақ осы кезеңде астанамыдағы автобус парктерінің жүргізушілері және кондукторларымен ҚР ӘҚБтК, жол қозғалысы ережелерін, жолаушылардың жол жүру және қоғамдық көлік құралдарында қол жүгін алып жүру ережелерін қоса алғанда, 1268 бұзушылық анықталған.

Тексерістер жүргізу кезінде келесідей бұзушылықтар анықталды:

  • создание аварийных ситуаций;
  • автобус салонында шылым шегу;
  • ұялы телефонмен сөйлесу;
  • ашық есікпен қозғалысты жалғастыру;
  • қауіпсіздік белдігінің тағылмауы және т.б.

Берілген фактілер негізінде автобус парктерінің тарапынан жүргізушілер мен кондукторлар қатысында тәртіптік ықпал ету шаралары қолданылуда.

Әлденеше рет жүргізілген тексерулер елордамыздың автотұрақтарының қызметінде, жауапты қызметтер жұмысында, сондай-ақ жылжымалы құрамның техникалық және санитарлық жағдайы бойынша көптеген бұзушылықтарды анықтауға көмектесті.

2016 жылдың аяғына дейін КБҚ қызметтік автокөліктеріне «ПаркРайт» мобильді аппаратты-бағдарламалық кешені орнатылуы жоспарлануда. Олар автокөліктердің жеке бөлінген жолдармен (Bus lane) жүрулері және автобус аялдамаларында тыйым салынған тоқтап тұрулары сияқты бұзушылықтарды видеомен автоматты тіркеуге бағытталған.

Анықтама үшін:

Жүргізілген зерттеуге сәйкес, күн сайын Астана қаласының қоғамдық көлік қызметін пайдаланушы тұрғындардың 40%-ы жол жүруге ақша төлемейді. Жолаушылар тарапынан орын алған мұндай бұзушылық жазасыз қалып келді, бұл қоғамдық көлік саласындағы заңнамалық актілерді қайта қарауды қажет етті. Енді «билетсіз жүретіндерге» әкімшілік айыппұл салынатын болады, ал қоғамдық көліктердегі осы және басқа да ережелердің сақталуын Астана қаласы көлік бақылау қызметінің (КБҚ) инспекторлары бақылайтын болады.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

Халықаралық қоғамдық көлік одағының (UITP) мәліметтеріне сүйенсек, әлемнің 95 қаласында қоғамдық көліктерде жол жүруді электронды төлеудің автоматтандырылған жүйесі енгізілген. Тиісінше, бұл мемлекеттерде қоғамдық көліктерде көлік карталарын пайдаланатын жолаушылардың жол жүру төлемін қадағалайын бақылау қызметтері бар. Төленбеген жағдайларда жазалау шаралары қолданылады.

Мәскеу, Ресей

«Мосгортранс» мемлекеттік біртұтас кәсіпорны 2014 жылдың 1 қазанынан бастап, қалалық жер үсті жолаушылар көлігінің жұмыс сапасын бақылаудың қосымша жүйесін енгізді.

Автобустарда телефон нөмірі жазылған жапсырмалар орнатылған, оған хабарласу арқылы автокөлік әуесқойлары жол жүру қозғалысы туралы бұзушылықтарды немесе маршруттық автобус жүргізушілерінің кінәсінен орын алған апаттық жағдайлар туралы хабарлай алады. 2014 жылдың аяғына дейін өткен сынақтық жобада шамамен 300 көлік құралы қатысқан болатын.

Қалалық жер үсті жолаушылар көлігінің жұмыс сапасын бақылаудың бұл жобасын «ЖКО – жоқ!» жүйесімен бірлесе отырып, «Мосгортранс» МБК жүзеге асырған еді.

Сынақтық жобаның қорытындысы бойынша қалалық автобустарға шағым айту қатысында 300-ден артық хабарлама келіп түскен. Мәскеулік автокөлік әуесқойлары жасаған қоңыраулардың көбісі жүргізушілерді жол белгілері немесе арақашықтық талаптарын орындамағаны туралы – 25,5% ақпаратты құраса, 14,5%-ы автобус жүргізушілерінің жолда басқа да көлік құралдарына артықшылық бермегендіктері туралы хабарлаған, ал 14%-ға жуығы бұрылу шамдарын қоспағандықтарын айтқан.


Рига, Латвия

Осындай көлік бақылау қызметі Рига қаласында да жұмыс істейді. Rīgas satiksme (RS) – Рига муниципалдық қоғамдық көлік кәсіпорыны 2016 жылдың ақпан айында 7508 билетсіз жүргендерге айыппұл салды. Бұл қаңтардағыға қарағанда 2140 (39,9%) көп.

Жол жүру ақысын төлемеу бойынша ең үлкен көрсеткіш автобустарда тіркелген. Атап айтқанда 3360 жолаушыға айыппұл салынды, троллейбустарда – 2642, трамвайларда – 1506 билетсіз жүргендер. Олардың жалпы санының 1499-ы айыппұлды сол жерде төлесе, 6009-на шот жазылды.

Қоғамдық көліктердегі тексеру қызметі туралы айтар болсақ, 2016 жылдың ақпан айында RS-та 23704 тексеріс жүргізілген еді. Бұл қаңтардағыға қарағанда 1934 (8,9%) көп. Олардың 11 584 тексерісі автобустарда, 8417 – троллейбустарда, ал 3703 – трамвайларда жүргізілген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың қаңтарында RS көлік құралдарында 21 770 тексеріс жүргізіліп, 5368 билетсіз жүргендерге айыппұл салынған болатын.

RS Рига қаласында автобу, трамвай және троллейбустармен жолаушылар тасымалын қамтамасыз етеді. RS-тің жалғыз иесі – Ригалық өзіндік басқарма.

Берлин, Германия

Берлиндегі қалалық электричкалар «неміс темір жолдарына» жатады. Метро, автобустар мен трамвайлар Берлин қоғамдық көлік кәсіпорнының құзырлығында. Автобустарға кіру алдыңғы есік арқылы жүзеге асады, кірген бетте билет көрсету немесе сатып алу қажет.

Таңғажайып факт – Берлин қаласында «билетсіз жүретіндер» бойынша ең төмен көрсеткіш тіркелген. Барлығы шамамен 3-4%. Бұл жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін шаралардың нақтылығымен және бірізділігімен байлданысты. Алайда жолаушылардың осы аздаған пайызының өзі үлкен шығын әкеледі: жыл бойына билетсіз жол жүретіндердің кінәсінен 30 миллионнан артық ақша жұмсалады. Сол себепті де Берлиннің қоғамдық көліктеріндегі бақылау өте қатаң және тұрақты.

Берлин қоғамдық көлік кәсіпорындарының өкілі Петра Реетцтің айтуынша, берлиндік жер асты жолдарында күн сайын 120 бақылаушы қызмет атқарады екен. Бұрындары оларға сыйақы ұсталған «қояндар» (билетсіз жүретіндер) санына сәйкес берілетін. Жолаушылармен сөйлесу мәдениетін оқыту – темір жол бақылаушыларының дайындық бағдарламасына кіреді. Оны аяқтаған соң емтихан тапсырылады.


Баку, Әзербайжан

Осындай қызметтің жұмысын Баку қаласында да бақылауға болады. Олар қоғамдық көліктердегі жол жүру төлемін тексерумен қатар, көлік тәртібінің артуын және жолаушылар көліктеріндегі бұзушылықтардың алдын алумен айналысады.