Астана, Тұран көшесі 34
Күн сайын 850000 жолаушы тасымалы
Отыратын орындар көбірек
21 елді мекенге қала маңындағы бағдарлар
ASTRA PLAT
ASTRA PLAT

Көлік диспетчерлендіру орталығы

Бүгінгі күні 700-ден артық автобус желіге шығып, шамамен 850 мың жолаушылар тасымалын іске асырады. Әрбір жеке автобустың қызметін қол әдісімен қадағалау мүмкін емес. Алайда мұндай жағдайдың әлемнің көптеген мемлекеттерінде сәтті пайдаланылатын шешімі бар. Бұл қоғамдық көлікті диспетчерлендірудің бірыңғай жүйесін жасау болып табылады, оның басты мақсаты – мониторинг жүргізу және жүргізушілердің жұмысына қазіргі уақыт режимінде бақылауды жүзеге асыру.

Диспетчерлендірудің аталған жүйесін құру мынадай проблемаларды шешуге мүмкіндік береді:

Автобустың кідіруі, оның салдарынан автобустарда артық жүктеме пайда болады;

Автобустардың жол жүрудің уақыттық интервалын бұзу, бұл болса автобустар жүргізушілері арасындағы бәсекелестік күрестің себебіне айналады;

Осы жүйені енгізу қоғамдық көлікте көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға және қалалық, қалы маңы және экспресс бағдарларының жол жағдайын бақылауға мүмкіндік береді. Перспективада осы жүйеге такси тасымалдау қызметі де қосылатын болады.

Көрсетілген жобаны іске асыру 2016 жылға жоспарланған. Бүгінгі күні Астана қ. Көлік диспетчерлендіру орталығының мамандары арнайы бағдарламалық жасақтамамен жұмыс істеуге үйренді.