+7 7172 577-177 +7 7172 571-777 Астана, Тұран көшесі 34
Күн сайын 850000 жолаушы тасымалы
Отыратын орындар көбірек
21 елді мекенге қала маңындағы бағдарлар
ASTRA PLAT
ASTRA PLAT

ЖОЛ ЖҮРУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУДІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЖҮЙЕСІ

Астана қаласының қоғамдық көліктерінде жол жүру ақысын төлеудің электрондық жүйесін енгізу (ЖАТЭЖ) – астанамыздың көлік кешенін модернизациялау Жоспарының ажырамас бөлігі болып табылады. Аталмыш жобаның басты мақсаты – елордамыздың жолаушылар тасымалын бұрынғыдан да жайлырақ ету.

(ЖАТЭЖ) негізгі міндеттері:

  • қоғамдық көліктің тартымдылығын арттыруға мүмкіндік беретін ыңғайлы тарифтік саясатын қамтамасыз ету;
  • астананың барлық қоғамдық көлік түрлеріне бірыңғай билет жүйесін енгізуді жүзеге асыру;
  • жолаушылар ағынын бөлу туралы нақты статистикалық есептілікті қалыптастыру;
  • астананың маршруттық желісін тиімді жоспарлау.

Жол жүру ақысын төлеудің электрондық жүйесі енгізу (ЖАТЭЖ) – Астана қаласының қоғамдық көлік жолаушыларына төмендегідей артықшылықтарды ұсынады:

  • қалталар мен әмияндарда ақша, тиындарды ұстап жүру қажеттілігінен босатуға байланысты жайлылық;
  • қолма қол ақшаның ұрлануын төмендету;
  • жол жүру билеттерін және оның түрлерін сататын жерлердің артуы;
  • дербестендірілген карталарды қалпына келтіру мүмкіндігі;
  • ұзақ мерзімді жол жүру билеттерін сатып алған жағдайда, жол жүру арзанырақ болатын ыңғайлы тарифтік жоспардың болуы;

Сондай-ақ келесідей проблемаларды шешуге көмегін тигізеді:

  • бір реттік жол жүру билеттерін есепке алудың жоқтығы;
  • жолаушылар айналымы туралы нақты деректердің жоқ болуы;
  • қоғамдық көлік қызметкерлерінің табысты жасырып қалуы;
  • жол жүруге төлем жасау жүйесінің жалпы қолайсыздығы.

Бұдан бөлек, жол жүру ақысын төлеудің электрондық жүйесі (ЖАТЭЖ) тұрғындарға қызмет көрсету сапасын жақсартады, қаржылық айналымдар мен салықтық алымдар айқындылығын арттырады, жолаушыларды отырғызып-түсіру уақытын қысқартады, сонымен қатар «билетсіз жүретіндерді» анықтауға септігін тигізеді.

Жоспарға сәйкес, Астана қаласында жол жүру төлемінің электронды жүйесін енгізу 2015-2016 жылдарға жоспарланған.

Қазіргі таңда:

  • жол жүруге арналған көліктік төлем карталарының дизайны мақұлданған;
  • серверлік жабдық және ПО орнатылған;
  • жабдықтарды автобустарға орнату жүргізілуде, 318 автобус жабдықталды;
  • жүргізушілер мен кондукторларды ЖТЭЖ жабдығымен жұмыс жасауға үйрету бойынша бағдарлама әзірленді;
  • Ведется согласование тарифной политики и методики расчета тарифов.

Аталмыш жобаны жүзеге асыру аясында жеңілдік санатындағы азаматтарды, жалпы білім беру мектептеріндегі оқушыларды жол жүруге арналған төлем карталарын дербестендіру мақсатында фототіркеуден өткізу басталды. Тек бір айдың ішінде ғана осы рәсімнен астананың 60 мыңға жуық тұрғыны өтті.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

Жүйені әзірлеу және жобалау шаралары кезінде осындай жол жүру төлемінің электронды жүйесі енгізілген және тиімді қызмет ететін көптеген алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесі пайдаланылды. Олар: РФ, Белоруссия, Италия, Франция, Германия, Ұлыбритания, Израиль, Корея, АҚШ.

Хельсинки, Финляндия

Хельсинкиде электронды жол жүру құжаты ретінде 2006 жылдан бастап байланыссыз смарт-карталар қолданылады. Бір реттік билетті жүргізушіден немесе автоматтан сатып алуға болады. Ол ауысып міну санына қарамастан, бір сағат көлемінде автобус, метро, трамвай, паром және электричкаға да жарамды. Жол жүру ақысын SMS-хабарламаларды қолдану арқылы төлеу кеңінен таралған. Бірқатар мемлекеттерде электронды төлем құжатының тартымдылығын арттыру үшін оны қолма қол ақша төлеуде жеңілдік алу мақсатында пайдаланылады. Мысалы, «Helsinki Card» карточкасын көптеген мұражайларға кіру билеті ретінде қолдануға болады. Сонымен қатар ресторан, концерттерге баруға және автокөлікті жалға алуға жеңілдік алуды қамтамасыз етеді.

Лондон, Ұлыбритания

Лондондағы жол жүру құжаты байланыссыз смарт-карта негізінде дайындалған. БСК қолдану арқылы төлем жасау түріне қарай автобусқа кірерде немесе автобус салонында іске асырылады. Автобус жүргізушісіне қолма қол ақша беру арқылы да төлем жасауға болады. Жиі жол жүру жағдайларында автобуста және метрода бір реттік билетпен жүру, сондай-ақ қолма қол ақша төлеу жолаушыға тиімсіз. Метроға арналған жол жүру билеті автобустарда да жарамды болып келеді.

Чикаго, АҚШ

Чикагодағы жол жүрудің бірыңғай төлем жүйесі метро және қалалық автобустардағы жол жүруді қамтиды. Электронды жол жүру құжатымен қатар, қолма қол ақша төлеу мүмкіндігі де бар. Электронды жол жүру құжатын тасымалдаушы ретінде магниттік жолағы бар пластикалық карталар және байланыссыз (бесконтактный) пластикалық карталар қолданылады. Картадағы теңгерімді көлемді сомаға толтыру кезінде жеңілдік беріледі. Осылайша біржолғы жол жүру төлемін қолма қол төлеу жолаушыға тиімсіз.

Сеул, Оңтүстік Корея

Сеулде қоғамдық көлік реформасы бойынша жоба «T-money» карталарының арқасында жүзеге асты. Кез келген қоғамдық көлік түрлерінде жол жүру ақысын төлеуге арналған жинақтаушы жеңілдік жүйесі қолданылады. Жолаушылар маршрутта бір рет қана жол жүру ақысын төлей отырып, әртүрлі қоғамдық көліктеріне ауысып міне алады. Автобусқа орнатылған терминал жол жүру ақысын төлеуге және автобус қозғалысымен байланысты барлық процестерді басқаруға мүмкіндік береді.