Астана, Тұран көшесі 34
Күн сайын 850000 жолаушы тасымалы
Школьные перевозки "Мektep Bus"
Отыратын орындар көбірек
21 елді мекенге қала маңындағы бағдарлар
ASTRA PLAT
ASTRA PLAT

Астанада «Astra plat» электронды карталары таратыла бастады

Астанада қоғамдық көліктерге арналған «Astra plat» электронды карталары таратыла бастады.

Алғашқы болып оны әлеуметтік жеңілдікке ие азаматтар алды. Жол жүру карталары бір-ақ жерде таратылуда. Таңнан бері кезек күткен зейнеткерлер мен мүгедектер бұған наразы болып шу көтерді.

Мынау сұмдық қой, қанша тұрамыз. Өзіміздің давлениеміз бар, жүрегіміз ауырады. Қанша шулаған халық.

Зачем устраивать такую толпу, если можно все сделать культурно.


«Астана LRT» компаниясының өкілдері электронды карталардың ай соңына дейін таратылатынын халыққа ескерттік десе, жиналғандар тек 10 күн ішінде берілетіні хабарланды, деп отыр. «Astra plat» карталары мамырдың 31-нен бастап енгізілмек. Экспресс бағыттар мен қала шетіне қатынайтын автобустарға валидатор терминалдар орнатылады. Ал тамыз айынан бастап бұл жүйе барлық қоғамдық көліктерге енгізіледі.

Оны алып үлгермеген әлеуметтік санаттағылар бұрынғы куәліктерімен жүре береді. Картаның құны 400 теңге. Бірақ әлеуметтік әлжуаз топтарға алғашында тегін беріледі. Жоғалтсаңыз, сатып алуға тура келеді. Карталарды толтыру және сатып алу үшін 30 автомат пен 25 сату орталығы ашылады. Ұйымдастырушылар астаналық картаны жасақтауда алматылық «оңай» жүйесінің кемшіліктері ескерілгенін айтты. Түсініспеушіліктер болмайды деп сендірді. Ардагерлер, мүгедектер, зейнеткерлер мен көп балалы аналар үшін 60 мыңдай және оқушылар үшін 88 мыңға тарта жол жүру құжаты дайындалған. Өзге тұрғындар үшін карталар айдың соңында сатыла бастайды.

Сергей Попов, «Астана ЛРТ» филиалы төлем жүйелері орталығының жетекшісі:

Картада бонустар болады. Яғни 10 рет жол жүру ақылы болса, 11-ші рет жол жүру тегін болады. Өзге автобусқа отыру керек болса, бір сағат ішінде ауыссаңыз, тегін жүруге мүмкіндік беріледі. Осының бәрі, қолма қол ақшаға қарағанда, картаның тиімді екенін көрсетеді. Бірақ қолма-қол ақшамен төлеу жүйесі алынбайды. Жүргізушіге барып жолақысын төлеуге болады. Кондуктор-кеңесшілер картаны қолдану жүйесін түсіндіреді.

Бұған дейін автопарк өкілдері тарапынан электронды төлем жүйесінің тиімсіз екені туралы ақпарат тараған. Жүйені енгізушілер автопарктерге тасымалдаған жолаушы үшін ақша аударылатынын айтты. Яғни жаңа жүйе қоғамдық көлік парктерінің табысын жасырмай, керісінше заңдастыруына мүмкіндік береді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ

11.05.2016 06:44:00